Алматыда ардагер футболшылар арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды

04.09.2011, 06:34
Алматыда ардагер футболшылар арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды
Алматыда ардагер футболшылар арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды Еліміздің әр аймағынан жиналған 15 команда өзара жасыл алаңда бақ сынап, кім мықтыны анықтады. Дәстүрге айналған біріншілікте футбол майталмандары төрт топқа бөлініп, іріктеу кездесулерін өткізді. Нәтижесінде үздік шыққан төрт ұжым жүлдеге таласты. Павлодардың Ертісі мен Тараздан басым түскен, Шымкенттің «Тұраны» мен Қарағанды ардагерлері финалға жолдама алып, биылғы ел чемпиондығын сарапқа салды. Тараздың ақсақал ойыншылары тартысты өткен ойында Павлодарлық әріптестерін ұтып, үшінші орынға ие болды. Есеп:3:2. Ақтық сында Қарағанды ардагерлері командасы жеңіске жетті. Екінші таймның ортасына таман Дәрденбай Шыныбаев Шымкент қақпасын нысанаға алған. Алайда қақпашы соққыны кері қайтарды. Бірақ сол маңнан табылған Юрий Ермолаев қайтқан допты керегіне жаратып, жеңіс голын соқты. Есеп:1:0. Қарағанды командасы ардагерлер арасында Қазақстан чемпионы атанды. Хабар агенттігі
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×