Алматыда балалар футбол лигасы құрылды

07.01.2012, 01:33
Алматыда балалар футбол лигасы құрылды
Оның төрағасы болып белгілі футбол маманы Бауыржан Сәрсекенов тағайындалды. Саналы ғұмырының 40 жылын балалар мен жасөспірімдер аяқдобына арнаған Бауыржан Жолдасұлы әлем біріншілігіне бару бағытына арналған жоба жасағаны да жұртшылыққа мәлім. Бірден іске кіріскен лига, өз жұмысын екі бірдей жарыс ұйымдастырудан бастады. Яғни Алматы стадиондарында жас мөлшерлеріне байланысты 4 топ өз ара бақ сынасуда. Мысалы 15 жасқа дейінгілер аграрлық университеттің спорт алаңында ойнаса 16 жасқа дейінгілер ЦЕСНА да күш сынасуда. Жарыс жеңімпаздары келесі аптада анықталады. Бауыржан Сәрсекенов, Балалар футбол лигасының директоры: -Әйтеуір біз балалардың жарысын көтеріп балалардың несін көтеру мақсатымыз.Мазмұнын көтеріп жарыс арқылы балаларды үлкен тәжірибеге жеткізетін сондай жеткізетін ойға келеміз деп ойлаймын. Жалпы біздің футболда ұлттық мамандар туралы аз айтылады. Алайда соңғы 50 жылда жергілікті жаттықтырушылар атқарған іс қомақты. Алматы облысында аяқдопты өрістетуге үлес қосқан Болат Төлегенов жарты ғасырда ұлттық құрамада жүрген оншақты футболшыны даярлады. Білікті шәкірттерінің бірі Асқат Қадырқұлов тіпті Ресей премьер лигасында Мәскеу ЦСКА-сында ойнады. Болат ағаның дарынды шәкірттерінің бірі Жамбыл Күкеев Уэмблиде Англия құрамасына доп соқты. Төлегеновтан тәлім тергендердің бірі Ерлан Оразаев 90 жылдардың соңында Азияның ең үздік футболшысы атанды. Болат Төлегенов, жаттықтырушы: -30 шақты команда ойнап жатқаны 800 шақты балалар ойында.Ол енді бізге ойымша үлкен жеңіс.Ал енді осы балалардың арасынан шығады деп сенеміз.Бір-екі бала атып шықса біздің жеңісіміз үлкен біздің. http://khabar.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×