Алматыда футболдан қалалық қысқы біріншіліктің 4-інші туры аяқталды

24.01.2012, 19:49
Алматыда футболдан қалалық қысқы біріншіліктің 4-інші туры аяқталды
Кеше Алматыда  футболдан қалалық қысқы біріншіліктің 3-інші, 4-інші тур ойындары өтті. 14 ақпанда жалауы көтерілген жарыста 14 команда 2 топқа бөлініп өзара сайысқа түсіп жатыр. Онда ең жоғарғы есеп «Сұңқар-94» пен «Айршир УТЦ ЦСКА» (0:8), «Қайрат-3» пен «ЦСКА» (0:6) арасындағы ойындарда болды. Ал 1:0 есебіндегі ең төменгі есеп «ЦСКА» мен «Қайрат» арасындағы  кездесуде тіркелді. Бұған дейін 14 қаңтарда өткен 1-інші турда 7:0 есебіндегі ең ірі есеп «Райымбек» пен «Сұңқар-94» арасында болған еді Ал 2-нші турдағы «Ақ бұлақ» пен «Алматытелеком» арасындағы кездесуде есеп ашылмаған болатын. Қазіргі таңда «Райымбек», «ЦСКА», «Ақ бұлақ» командалары ғана жеңіліссіз келе жатыр. Жарыстың 5-інші, 6-ншы турлары енді 28-29 қаңтарда, ал соңғы  7-нші туры 4 ақпанда болады. Одан кейін, 5 ақпанда жартылай финалдық, 11 ақпанда ақтық ойындар өтеді. ҚазАқпарат
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×