Шотландиялық "Селтиктің" бас бапкері Брендан Роджерс "Қайратқа" қарсы болатын жауапты матч туралы пікір білдірді.
"Бұл жерде күмән жоқ. Менің бапкерлік карьерамда бізге қолайлы өткен матчтар да, жолы болмаған ойындар да болды. Бірақ дәл қазір жеңіс бәрін шешеді. Жеңіске жетуге барлық мүмкіндігіміз бар. "Қайрат" мықты әрі ұйымшыл команда, ал Еуропа футболында сырт алаңда ойнау әрқашан қиын. Дегенмен біз қалауымыздағы нәтижеге қол жеткізуіміз керек екенін білеміз. Сол үшін бар күшімізді салып, Еуропа футболының басты сахнасына шығуға тырысамыз." – деді бапкер Daily Record басылымында.
Алғашқы матч 21 тамызда Глазгода өтіп, 0:0 есебімен аяқталған болатын. Жауапты кездесу 26 тамызда Алматыда өтеді.