“Реал Мадрид” Алматыда қай қонақүйге орналасатыны анықталды.
“Спортс” таратқан мәліметке сәйкес, Корольдік клуб ойыншылары қала әкімдігіне жақын орналасқан бес жұлдызды InterContinental қонақүйінде тоқтайды. Бұл қонақүй Орталық стадионнан небары 10 минуттық жерде орналасқан. Мұндағы бір түнгі баға шамамен 195 мың теңгені құрайды.
Сонымен қатар, “Қайрат” клубы матч алдындағы қауіпсіздік шараларын күшейтуде. Стадион кіреберісіне жаңа турникеттер орнатылып, жанкүйерлер билеттері мен жеке куәліктерін тексеретін жүйе іске қосылады.