11 шілде күні оңтүстік астанамыздың жасыл алаңында халықаралық деңгейдегі тартысты кездесу өтеді, деп хабарлайды Aladop.kz.
BAD FOOTBALL телеграм арнасының мәліметінше, Еуропа футболының тарихында өз орны бар германиялық “Боруссия Мёнхенгладбах” клубы Қазақстанға ат басын бұрады.
Бұл жолы Неміс алпауытына қарсы еліміздің ең дарынды жастары — Freedom QJ League All-Star құрамасы шығады.
Freedom QJ League үшін бұл — халықаралық аренадағы кезекті үлкен белес. Бұған дейін біздің жас жұлдыздарымыз Мадридтің “Атлетикосы” мен Белградтық “Црвена Звезда” академияларына қарсы тұрып, өздерінің деңгейін көрсеткен болатын. Ендігі кезек — Неміс футболының мектебімен күш сынасу.
Қазақстандық жас футболшылар үшін Бундес лига өкілдерімен ойнау — үлкен тәжірибе болмақ.
Мұндай матчтар еуропалық скауттардың назарын отандық таланттарға аударуға таптырмас мүмкіндік.