Алматыда жаңа футбол клубы құрылады

24.07.2024, 16:21

Қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев тағы бір жекеменшік футбол клубын құрады. «Meta-ratings.kz». мәлімдеуінше жаңа команданың атауы «Almaty United» болмақ.

Алматыда жаңа футбол клубы құрылады

Жекеменшік ұжым QFL Екінші лигадан бастайды деген ақпарат бар. Су жаңа клубты құрудағы мақсат – «Қайрат» академиясынан түлеп ұшып, жеткілікті ойын тәжірибесін ала алмай жүрген жастарға мүмкіндік беру. «Almaty United» 2025 жылғы футбол маусымынан бастап додаға түспек.

Жаңа команда өзінің алаңындағы матчтарын «Қайраттың» академиясындағы кешендердің бірінде өткізеді деп жоспарлануда. Клубтың бас директоры қызметіне Марат Баймұханов тағайындалады деген ақпарат белгілі. Футбол менеджерінің осыған дейін Player Career Management агенттігін басқарғаны да мәлім.      

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×