Алматыда жаңа стадионның құрылысы қашан басталатыны белгілі болды

21.10.2025, 13:15

“Қайрат” футбол клубының иесі Қайрат Боранбаев Алматыда салынатын жаңа стадион жобасына қатысты жаңалықпен бөлісті.

Алматыда жаңа стадионның құрылысы қашан басталатыны белгілі болды

Кәсіпкердің айтуынша, 35 мың көрерменге арналған жаңа аренаның жобасы толық дайын, ал құрылыс жұмыстары жаңа жылдан кейін басталмақ.

“Жобаны әзірлеу аяқталды. Қазір барлық рұқсаттар дайындалып жатыр. Құрылыс жұмыстарын жаңа жылдан кейін бастаймыз.” – деді Боранбаев.

Сонымен қатар ол жаңа арена Алматы әуежайының маңында салынатынын атап өтті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×