30 қыркүйекте Алматы футбол қаласына айналады – “Қайрат” Чемпиондар лигасында Мадридтік “Реалды” қабылдайды. Алайда барлық жанкүйерлердің стадионға билет алуға мүмкіндігі болған жоқ. Сол себепті қала тұрғындары мен қонақтары матчты тамашалайтын арнайы орындар – бейресми фан-аймақтарды іздеп әлек.
Алматыдағы көптеген барлар мен мейрамханалар бұл кешке арнайы шарттар енгізген. Көбінде алдын ала бронь жасап, депозит төлеу қажет. Кейбір жерлерде орындар әлдеқашан таусылып қалған.
Бірнеше нұсқалар:
• Myata Vyshka – адам басына 5 000 теңге депозит
• Teplica – адам басына 10 000 теңге, 50% алдын ала төлем.
• U-Afanasicha – адам басына 15 000 теңге.
• Len – адам басына 25 000 теңге, үлкен LED экран (2×3 м) көрсетілім.
• Sunset – адам басына 20 000 теңге, жаңа сыра мен стейктер, жазғы терраса немесе негізгі зал таңдауға мүмкіндік.
• Irwin (Панфилов көшесіндегі бар) – адам басына 10 000 теңге
• Laureat Grand Cafe – 10 000 теңге.
• Café Leto – ең қымбат нұсқа: үстелге 150 000 теңге депозит + 50 000 теңге алдын ала төлем.
• Esperanza – адам басына 10 000 теңге, 300 орындық залда екі үлкен LED экран.
• Bar Munchen – алты адамдық үстелге 80 000 теңге депозит.
Алматыдағы танымал Café Leffe мен Harat’s Pub филиалдарында орындар толық сатылып кеткен. Queen Almaty мейрамханасы матчтан кейін түнгі афтер-пати өткізуді жоспарлауда.
Депозитсіз опциялар да бар. PlatformA food market матчты үлкен экранда тегін көрсетеді, алдын ала орын броньдау қажет емес. Көрермендер асхана аймағынан тағам мен сусын сатып ала алады.
Барлар мен мейрамханалар көрермендерді қызықтыру үшін түрлі бонустар ұсынады. Кейбірі тегін тіскебасар, кейбірі бір стақан сыра сыйлайды, ал кейбір орындар тіпті тікелей музыка ойнауды уәде етеді.
Тіпті әдетте футбол көрсетпейтін мекемелер де экран орнатып, жанкүйерлерге мүмкіндік жасап отыр. Мысалы, Herosjourneyfitness фитнес орталығы студия ішінде тегін көру сессиясын өткізеді. Жанкүйерлердің айтуынша, ең маңыздысы – үлкен экран.
Бұл – Алматыда футбол мерекесін стадионнан тыс сезінудің ең тиімді жолдары.