Алматыдағы «Қайраттың» ойынына қанша жанкүйер барды?

07.10.2025, 16:47

Қазақстан Премьер-лигасының 24-турын жалпы 47 300 көрермен тамашалады. 

Алматыдағы «Қайраттың» ойынына қанша жанкүйер барды?

Турдың ең көп жанкүйер жинаған ойыны «Қайрат» – «Жетісу» (5:0) кездесуі болды. Бұл матчты 23 800 адам тамашалады. Ең аз көрермен жиналған ойындар — Жезқазғандағы «Ұлытау» – «Атырау» (1:5) және Астанадағы «Жеңіс» – «Тұран» (6:3) матчтары. Екеуіне де 2 000 жанкүйерден келген.

24-тур ойындарының көрермен саны:

«Қайрат» – «Жетісу» (5:0) — 23 800 көрермен
«Елімай» – «Ордабасы» (2:1) — 6 500
«Ақтөбе» – «Қызылжар» (1:0) — 6 500

«Тобыл» – «Қайсар» (1:0) — 4 000

«Оқжетпес» – «Астана» (1:2) — 2 500
«Ұлытау» – «Атырау» (1:5) — 2 000
«Жеңіс» – «Тұран» (6:3) — 2 000

Чемпионат басталғалы бері Премьер-лига матчтарын жалпы 811 457 көрермен тамашалаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×