Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қала тұрғындарының өтініштерінен кейін салынып жатқан жаңа стадиондағы орын санын ұлғайту мүмкіндігі қарастырылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бастапқы жоспар бойынша, жаңа стадион 35 мың көрерменге арналған болатын. Алайда, қала әкімінің айтуынша, тұрғындардың көптеп жүгінуіне байланысты қазіргі таңда билік орындар сыйымдылығын 45 мыңға дейін арттыру мүмкіндігін қарастыруда.
Жаңа және заманауи стадионның құрылысын 2027 жылдың соңына қарай толығымен аяқтау жоспарланған.