"Tvazteca.com" сайты Алматыда өтетін Чемпиондар Лигасының "Қайрат" пен "Реал Мадрид" арасындағы ойынды талқылады.
"Неге бұл матч тарихи болмақ? Бұл – "Қайраттың” Лиссабонда "Спортингтен” жеңілгеннен кейінгі Чемпиондар Лигасындағы алғашқы үйдегі ойыны. Ал "Реал” үшін бұл – құрлықтағы үстемдігін тағы бір мәрте дәлелдеудің мүмкіндігі, қарсыласы да өз тарихындағы ең жарқын сәтін бастан өткеріп жатыр. Алматы қаласы бұрын-соңды болмаған футбол мерекесіне 5000-нан астам шетелдік қонақты қарсы алуға дайындалуда." – деп жазады сайт.