Алматыға «Арыстандар» келе жатыр

20.05.2013, 23:06
Алматыға «Арыстандар» келе жатыр

Жалпы, Болгария ұлттық құрамасы "Әлем біріншілігі - 2014" іріктеу додасында сәтті өнер көрсетуде. Өз тобында Чехияны артқа тастап, Италияны алға жіберіп екінші орында келеді. Іріктеу додасының бірінші турында әлемнің үш дүркін чемпиондары "Скуадра Адзуррамен" кездесіп, 2:2 есебімен тең түскен.

Қазақстан футболының жүз жылдығына орайластырып отырған бұл жолдастық кездесуге көрермен қауым көптеп келеді деп күтілуде. Өйткені Алматы жұртшылығының үлкен футболға шөлдеп отырғаны анық. Оның үстіне, оңтүстік астанамызға Шығыс Еуропаның ең үздік құрамаларының бірі Болгария келе жатыр.

Әлбетте, қарсыласымыз өте қарымды. Алайда, Болгария құрамасы дегенде жанкүйер қауымның есіне 90 жылдары дүние жүзін дүбірлеткен команда түсері белгілі. Естеріңізде шығар, Христо Стоичков, Красимир Балаков және Йордан Лечков сынды саңлақтар атой салған "Арыстандар"әлем чемпионатында сенсация жасап, үздік төрттіктен көрінген еді. Артынша  «Лъвовете» (болгар тілінен аударғанда "Арыстандар" — авт.) Еуропа біріншілігінде аса қиын топтарға түсіп, абыроймен шыққан болатын.

Болгария ұлттық құрамасы әлі де әлемде азулы командалардыңбірі. Бертінге дейін команданың капитаны ретінде атақты Стилян Петровөнер көрсетіп келген. Кезінде "Селтик" және "Астон Вилла" сияқты клубтарда жасындай жарқылдаған Стилян, өкінішке қарай, ұзақнауқастан кейін футболшылық ғұмырын аяқтауға мәжбүр болды. Қазір оның қызметін Голландияның "ПСВ" клубынан Англияның "Фулхэміне" ауысқан қорғаушы Станислав Манолев атқарып жүр. Сондай-ақ, Болгарияқұрамасы үшін Ресейдің "Кубань" клубында өнер көрсететін Ивелин Поповтың да рөлі зор. Мәскеудің "Локомотиві" мен "ЦСКА"-сының көзі түсіп жүрген Георгий Миланов та жыл сайын өз шеберлігін шыңдап келеді. Кезінде "Ливерпульдің" дәмін татқан бүгінде Голландияның"Твентесінде" өнер көрсететін қақпашы Николай Михайлов та өз ісініңшебері. Айтпақшы, Михайлов Қазақстан жастар және жасөспірімдерқұрамаларында қақпашылар бапкері болып жүрген Игорь Кулиштіңшәкірттерінің бірі.  Ұлттық құрамамыздың қорғаушыларына Валерий Божиновтан да сақ болу керек. Еуропаның топ-командаларының сапында талай қақпашыны сан соқтырған бұл шабуылшыға әлі де талай клубтыңталасы бар.

 

Жалпы, Болгария ұлттық құрамасы "Әлем біріншілігі - 2014" іріктеудодасында сәтті өнер көрсетуде. Өз тобында Чехияны артқа тастап, Италияны алға жіберіп екінші орында келеді. Іріктеу додасының бірінші турында әлемнің үш дүркін чемпиондары "Скуадра Адзуррамен" кездесіп, 2:2 есебімен тең түскен.

Енді бас бапкері Любослав Пенев жайлы. Ойыншы ретінде 90 жылдары 10 маусым бойы "Валенсия", "Атлетико" және "Сельта" клубтарында ойнап, Испания Примерасында 365 кездесуде 173 гол соққан.

Иә, Болгария ұлттық құрамасының Алматыға тек жеңіс үшінкелетіні анық. Иә, азулы қарсыласқа қарсы тұру оңай болмайтыны түсінікті. Дегенмен, алматылық футболсүйер қауым стадионды лықтолтырып, футболшыларымызға керемет қолдау көрсетеді депүміттенеміз.

Ойын 4 маусымда Алматының Орталық стадионында өтеді.Басталуы — сағат 20:00.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×