Алматы футболының түлегі Исмаил Яхши кәсіби мансабын Түркия чемпионатында жалғастыратын болды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Sports.kz сайтының мәліметінше 19 жастағы талантты ойыншы елдің үшінші лигасында бақ сынайтын "Артвин Хопаспор” клубымен ресми түрде келісімшартқа отырды.
Алматыда дүниеге келген Исмаил — атақты Түрік гранды "Галатасарай" академиясының тәрбиеленушісі. Ол осы уақытқа дейін келесідей нәтижелермен көзге түсті:
Кәсіби деңгейде 46 матч өткізіп, 8 гол соқты және 1 нәтижелі пас берді.
"Галатасарайдың” 19 жасқа дейінгі құрамында ойнап, жастар арасындағы Чемпиондар лигасында 3 кездесуге қатысты.
Түркияның 18 жасқа дейінгі ұлттық құрамасы сапында 3 матч өткізген.