Алматылық «Қайрат» Конференция лигасының топтық кезеңіне шықты

27.08.2021, 02:59
Алматылық клуб топтық кезеңдегі қарсыластарын ертең білетін болады.
Алматылық «Қайрат» Конференция лигасының топтық кезеңіне шықты

«Қайрат» Конференция лигасының плей-офф кезеңіндегі қарымта кездесуде люксембургтік «Фола» командасынан басым түсті. Алматыдағы Орталық стадионда өткен кездесу 1:3 есебімен аяқталды.

Ойынның 13-минутырда Артур Шушеначев қақпашымен жеке-дара шығып, өз мүмкіндігін голға айналдырды. 28-минутта Вагнер Лав қақпаның оң бұрышын дәл көздеп, есепті еселеді. Ал 36-минутта Артур Шушеначев командасының үшінші голын соқты. Бірақ кездесудің 44-минутында Мустафич айып алаңның сыртынан тамаша соққы жасап, жұбаныш голын соқты.

Осылайша, алматылық клуб Конференция лигасының топтық кезеңіне шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×