Өскемен ұжымы “Восток” спорттық нысанының уақытында дайын болмауының кесірінен Алматыда тұрақталады.
Айта кетейік, 8 ақпан күні “Восток” стадионындағы жөндеу жұмыстарымен Шығыс-Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев келіп танысып еді. Жұмыс қарқынды түрде жүргенімен, стадион 7 наурызға дейін дайын болмайтын болып шықты.
Осы себептен, Премьер-Лигадағы “Қайратқа” қарсы өз алаңындағы алғашқы кездесуін Алтай “Хан-Тәңірі” стадионында өткізеді.
Вахид Масудов баптауындағы команда бүгінде Түркиядағы ОЖЖ тәмамдап, аздаған үзіліске шықты. Келер аптадан бастап Премьер-Лиганың жаңа қатысушысы дайындықтарына қайта кіріседі.