“Алтай” үйіне оралады – Өскеменде көптен күткен кубок матчы өтетін болды

14.04.2026, 15:36

“Алтай” Қазақстан кубогының 1/8 финалындағы ойынын өз жанкүйерінің көз алдында, яғни Өскеменде өткізеді, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Алтай” үйіне оралады – Өскеменде көптен күткен кубок матчы өтетін болды
“Восток” стадионы

30 сәуір күні Өскемендік клуб “Ұлытауды” қабылдайды, ал кездесу “Восток” стадионында өтеді деген ақпарат KazFootball.kz сайтында жарияланды.

Маусым басталғалы “Алтай” өз үй матчтарын Өскеменде емес, Алматыдағы “Хан-Тәңірі” стадионында өткізіп келді.  Сондықтан 30 сәуірдегі кубок ойыны жай ғана кезекті матч емес. Бұл — “Алтайдың” өз алаңына, өз атмосферасына, өз трибунасына қайта оралуы. Әсіресе биылғы маусымды көшпелі жағдайда бастаған команда үшін бұл психологиялық тұрғыдан да, турнирлік жағынан да үлкен серпін болуы мүмкін. 

“Алтай” мен “Ұлытау” жуырда ғана чемпионат аясында жолыққан еді, 12 сәуірдегі Премьер лига матчында Жезқазғандық клуб 2:1 есебімен жеңіске жетті. Демек, алдағы кубок кездесуі Өскемендіктер үшін тек келесі кезеңге шығу мүмкіндігі ғана емес, жақында кеткен есенің қарымтасын қайтару мүмкіндігіне де айналып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×