"Алтай" клубы мамыр айында Өскеменге оралуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Aladop.kz.
AmanVIBE-тың хабарлауынша, клуб Қазақстан Премьер лигасы аясындағы өз алаңындаға матчтарын жақын арада Өскемен қаласында өткізе бастайды.
Команданың өз үйіне, яғни "Восток” стадионына оралуы 9 мамырға жоспарланған.
Дәл осы күні ел чемпионатының тоғызыншы туры аясында "Алтай" Шымкенттік "Ордабасыны” қабылдамақ.
Айта кетсек, Өскемендіктер өз алаңы ретіндегі ойындарын әзірге Алматыда өткізіп жүр.