Бүгін 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің 6-туры аясында Бельгия құрамасы өз алаңында Қазақстанды қабылдайды. Қарсыластар соңғы рет 2019 жылы жолыққан болатын.
Ресейлік "Футбол на Куличках" сайты алдағы ойынға болжамын ұсынды.
"Алты жыл бұрын Бельгиялықтар Қазақстанға қонаққа барып, әр таймда бір-бірден гол соғып, сенімді жеңіске жеткен еді. Соңғы төрт ойында да Бельгиялықтар жеңіп жүр, ал тең нәтижелер тек қарсыластықтың алғашқы кезеңінде ғана тіркелген. Қазіргі іріктеуде Руди Гарсияның шәкірттері өзін сенімді сезінуде, үш ойында жеті ұпай жинады. Бірнеше күн бұрын олар Лихтенштейнді сырт алаңда ойсырата ұтып, қарсыластың қақпасына жауапсыз алты гол соқты.
Қазақстан құрамасы мұндай сенімділікке әзірге жете алмай тұр. Төрт ойында тек бір ғана жеңіске қол жеткізді. Ол да топтағы негізгі аутсайдерге қарсы сырт алаңда болған. Ал қыркүйектегі матчта Бельгия жеңіске жетсе, Қазақстан өз алаңында Уэльстен ұтылып, қазіргі жағдайында үлкен мақсаттар үшін күресуге әзір емес екенін дәлелдегендей болды.
Статистикалық деректер:
– Құрамалар бір-бірімен 6 рет кездескен, соның төртеуінде Бельгия жеңген, екі ойын тең аяқталған
– Соңғы екі матчта бельгиялықтар Қазақстаннан гол жіберген жоқ
– Бельгия Қазақстанды төрт рет қатарынан ұтқан
– Соңғы бес ойында Бельгиялықтар Қазақстан қақпасына кемі екі голдан соққан
– Соңғы екі кездесуде Бельгиялықтар жалпы 10 гол соққан
– Қазақстан үш ойында қатарынан жеңіліс тапқан
– Бельгия іріктеуде үш матчта жеті ұпай жинаса, Қазақстан төрт ойында үш ұпай алды
Болжам:
"Ромелу Лукаку, әрине, жоқ. Бірақ соңғы уақытта фавориттердің тиімді ойынын ескерсек, Бельгиялықтардан нәтижесіз ойын күтуге еш негіз жоқ.” – деп жазады ФНК.