«Алтын доп» биыл тағы "Барселона" ойыншыларының қанжығасында

10.12.2010, 23:45
«Алтын доп» биыл тағы "Барселона" ойыншыларының қанжығасында
«Алтын допқа» үміткер тізімнің ішінде «Барселонаның» басты үш жұлдызы қалды. Олар: Андерс Иньеста, Хави және Лионель Месси. Үздік үш ойыншыны анықтау шарасы дүйсенбі күні Францияның Париж қаласында өтті. Каталониялық трио 23 футболшының ішінен оза шауып, енді «Алтын допқа» басты үміткер атанды. Хави және Иньеста Испания құрамасымен әлем чемпионы атанған.  Месси 2009 жылы Чемптондар Лигасының үздік сұрмергені  және өткен жылдың қорытындысы бойынша «Алтын» және «Бриллиант» добының иегері. Ал Хави былтырғы дауыс беру кезінің екеуінде де үшінші орыннан көрінген. Жылдың үздік жаттықтырушылар тізімінде де үш үміткер – Испания құрамасының бас бапкері  Висенте Дель Боске, 2008 жылдан бері «Барселонаның» тізгінін ұстаған Пеп Гвардиола және үстіміздегі жылыдың мамыр айында «Интермен» Чемпиондар Лигасын жеңген, биылғы маусымнан бастап мадридтік «Реалды» жаттықтырып жүрген  Жозе Моуриньо. Қыздар арасында «Әлемнің үздік нәзік жанды футболшысы» болуға үміткер, үштікке Бригита Принц және Фатмира Байрамай, ал үшінші үміткер, бұл атақты төрт рет қатарынан жеңіп алған бразилиялық Марта ханым. ФИФАжәне «France Football» журналы бірінші рет бірігіп, үздік оыншыны және барлық номинация бойынша үздіктерді 10 қаңтар күні Австрияның Цюрих қаласында салтанатты түрде марапаттайды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×