“Алтын доп” иегерінің есімі белгілі болды

22.09.2025, 19:00

Франциялық журналист Ромен Колле-Годен 2025 жылғы "Алтын доп" иегерінің есімін алдын ала жариялап қойды. Оның айтуынша, бұл мәртебелі марапатты "Париж Сен-Жерменнің" жұлдызы Усман Дембеле жеңіп алады.

“Алтын доп” иегерінің есімі белгілі болды

Колле-Годен бұл ақпаратты The Touchline сайты арқылы жеткізіп, былай деген:

"2025 жылғы "Алтын доптың” иегері Осман Дембеле."

Айта кетейік, әлем футболындағы ең беделді марапаттардың бірі саналатын "Алтын доп” салтанаты бүгін, 22 қыркүйекте, Парижде өтеді.

Бұл кеште маусым бойы жеке және командалық тұрғыда үздік өнер көрсеткен ойыншы ресми түрде әлемнің үздігі деп танылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×