“Алтын доп” кімге бұйырады? Франциялық команданың лидеріне ма? әлде Испаниялық жас талантқа ма?

22.09.2025, 11:15

Футбол жанкүйерлері асыға күткен 2025 жылғы "Алтын доп" (Ballon d’Or) марапаттау кеші де келіп жетті. Салтанатты рәсім бүгін түнде Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады. Футбол жанкүйерлері асыға күткен 2025 жылғы "Алтын доп" (Ballon d’Or) марапаттау кеші де келіп жетті. Салтанатты рәсім бүгін түнде Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.

“Алтын доп” кімге бұйырады? Франциялық команданың лидеріне ма? әлде Испаниялық жас талантқа ма?

Биылғы маусымда ерлер арасындағы басты фавориттердің қатарында "ПСЖ"-ның Осман Дембеле және "Барселона" шабуылшылары Ламин Ямал мен Рафинья бар. Тіпті олардың мүмкіндіктері жасанды интеллект арқылы талданып, кімнің жеңімпаз болуы ықтимал екені болжанған.

Марапат тек ерлер футболымен шектелмейді. Әйелдер арасындағы үздік ойыншы атағы үшін "Реал Мадрид” сапындағы Колумбиялық жұлдыз Линда Кайседо басты үміткер атануда. Сондай-ақ маусымның үздік бапкері мен үздік клубы марапатталады. Бұл халықаралық футболдағы жетістіктерді толықтай қамтитын кеш болмақ.

Көпшіліктің ойынша, бұл марапатқа қомақты ақша қоса беріледі. Алайда шындық басқаша…. "Алтын доп" ешқандай тікелей қаржылай сыйақымен берілмейді. Жүлде тек бірегей трофей, оның шамамен нарықтық құны 3 500 долларды құрайды. Айта кетерлігі, ол таза алтыннан жасалмаған.

Қаржылай сыйақы болмаса да, "Алтын доп” жеңімпазына әкелетін пайда орасан. Клубтар әдетте осындай атақ иелеріне қосымша бонус береді, ал демеуші компаниялар миллиондаған долларлық келісімшарттар ұсынады.

Бұл марапат ойыншының нарықтық құнын арттырып, әлемдік деңгейде беделін көтереді. "Алтын допты” иелену ойыншыны тек үздік футболшы ғана емес, бүкіл әлем мойындайтын спорт жұлдызына айналдыратын маңызды жетістік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×