22 қыркүйекте Парижде өтетін әлемнің ең беделді футбол сыйлығы – "Алтын доп-2025" марапатының алдында күтпеген жаңалық жария болды.
FrenchFootballWeekly.com хабарлауынша, биыл үш мемлекет – Тринидад және Тобаго, Намибия және Армения дауыс берушілер тізімінен шығарылды. Себебі олар FIFA рейтингінде алғашқы 100 елдің қатарына кірмей қалды. Бұл – 2022 жылғы реформадағы негізгі талап.
Жаңа дауыс беруші елдер ретінде Гватемала, Мозамбик және Косово қосылды. Осылайша, әр маусымда рейтингке байланысты елдердің құрамы жаңартылып отырады.
2022 жылдан бастап "Алтын доп” дауыс беру жүйесі түбегейлі өзгерді:
Журналистердің құрамы өзгергенімен, 2025 жылғы "Алтын доп" иегеріне әсері болмайды – дауыс беру әлдеқашан аяқталған. Әр қатысушы өздерінің 30 үміткер арасынан алғашқы 10 орнын көрсетіп, жаңа жүйе бойынша ұпай берді (1-орын – 15 ұпай, 2-орын – 12 ұпай және т.с.с.).
Бұл стандартталған жүйе енді жыл сайын қолданылады және FIFA рейтингіне қарай елдердің тізімі өзгере береді. Сарапшылар мұны "Алтын доптың” ашық әрі беделді болып қалуына бағытталған оң қадам деп санайды.