Альваро Мората "Атлетикоға" ауысуға септігін тигізген адамдарды айтты

07.02.2019, 03:26
Альваро Мората "Атлетикоға" ауысуға септігін тигізген адамдарды айтты
Испаниялық шабуылшы Альваро Мората Ла-лигаға оралды. «Челси» ойыншысы Мадридтің «Атлетикосына» жалға берді. Соңғы жылдары Лондон командасында Моратаның ойыны жүрмеді. Ол Антонио Конте кезінде де негізгі құрамнан көріне алмады. Маурисио Сарри келгенде да жағдай өзгермеді. Футболшы өзіне деген сенімді жоғалтып, қосалқы құрамда қалды.

Альваро МОРАТА, «Атлетико» шабуылшысы

- Мен өзімді команданың бір бөлшегі санаймын. Жаңадан келсем де жатырқамаймын. Клубтағы әріптестерім келісім-шарт жасалмай тұрып хабарласып қолдау көрсетті. Сол үшін команда құрамына тез сіңісіп кеттім. Мен осында келгім келді. Жоспарым орындалды. Енді сөзден іске көшетін кез келді. Өзімді алаңда көрсетуім керек.

Мората Испания астанасына оралмай тұрып, төрт жыл «Реалда» тер төкті.  Сосын екі жыл «Ювентуста» ойнады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×