22 жастағы футболшы наурыз айынан бері жарақатын емдетіп келген болатын.
Элвин Берн ұжымына “Лозанна” клубынан ауысып барды. Осы маусымда жартылай қорғаушы Туйльер қаласының командасында жарақатына байланысты бірде-бір матч өткізбеді.
Айта кетейік, жас жартылай қорғаушы 22 наурыз күні Швейцария құрамасында Солтүстік Ирландияға қарсы кездесуде алғаш рет дебют жасады. Алайда дәл сол кездесуде Элвин ауыр жарақат алып, ұзақ мерзімге дейін футболдан шеттеліп қалды.
Сол ойыннан кейін Санчес “Лозаннаның” 15 матчын жіберді. Оның ішінде елордалық “Астанаға” қарсы жеңісті екі кездесуде бар.
22 жастағы жартылай қорғаушы “Янг-Бойз” қатарын толықтырмай тұрып, трансферлік құны 37 млн еуроны құрайтын “Лозанна” командасының ең қымбат ойыншысы саналған болатын (14 млн еуро).