"Бавария" мен "Боруссия Дортмунд" арасындағы турдың орталық матчы "Альянц Аренада" өтіп, 2:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.
Ойынның 22-минутында "Бавария” сапынан Харри Кейн есеп ашты. Ал 78-минутта Майкл Олис артықшылықты еселеп, алаң иелерін екі доп айырмасымен алға шығарды. "Боруссия Дортмунд” бұл голдарға тек 84-минутта Джулиан Брандтың соққысымен жауап бере алды.
Матчтың статистикасы да "Байернніғ” басымдығын айқын көрсетті. Чемпиондардың еншісінде — 14 соққы, допқа иелік ету — 60%, дәл берілген 538 пас. Ал "Қара-сарылар" бар болғаны 7 рет қақпаға соққы жасап, 16 рет ереже бұзды.
Осы жеңістің арқасында Винсент Компанидің шәкірттері қоржынын 21 ұпайға толықтырып, турнир кестесіндегі көшбасшылық орнын сақтап қалды.