Алыс-беріс басталды

02.12.2011, 22:53
Алыс-беріс басталды
Жаңа маусымның басталуына әлі біраз уақыт бар. Дегенмен командалар «қыстың қамын, жаз ойла» дегендей, қазірдің өзінде қатарларына жаңа ойыншылар мен білікті бапкерлер шақытуда.  Осы орайда елді елең еткізген жаңалықтарға шолу жасасақ. Қарағандылық «Шахтер» оқу-жаттығу жиыны барысында, 24- жасар нидерландылық қазақ жігіті Мұрат Оналды байқауға шақыртты. Оналдың соңғы ойнаған командасы, нидерланды екінші дивизионында өнер көрсететін  «Волендам» командасы болатын. Негізінен Мұрат Түркияның тумасы, бірақ голландия футбол академиясын тәмәмдаған. Қазақстан құрамасының тізгінің Арно Пайперс ұстаған тұстарда Мұрат Онал бірнеше рет  шақырту да алған еді. Дегенмен бірде-бір рет ұлттық құраманың жейдесін кимеген. Егер қарағандылық команданың бапкерлеріне бұл жігіттің ойын үлгісі ұнап жатса, келер маусымда кеншілердің сапында өнер көрсетуі ғажап емес. Сонымен қатар, қарағандылықтардың қатарын Латвия қүрамасының 25-жасар қорғаушысы Ритус Кряулис  толықтыруы әбден мүмкін. Ритустың соңғы рет өнер көрсеткен ұжымы әзірбайжандық «АЗАЛ». Оған дейін Кряулис отанында «Динабурга», «Вентспилса» сынды командаларда тер төккен. Ал, шымкенттің «Ордабасы» мен Қазақстан Ұлттық құрамасының ойыншысы Виталий Евстигнеев жаңа маусымды «Ақтөбенің» қатарында бастауы ықтимал. Өткен маусымда Виталий шымкенттіктердің сапында тұңғыш рет Қазақстан Кубогінің иегері атанған еді. «Ордабасының» сапында сәтті ойын көрсетіп, ұлттық құрамаға да шақырту алған. Үстіміздегі жылғы маусымды 3 орымен аяқтаған «Ақтөбе», тараз футбол мектебінің түлегіне қатты қызығып отырған көрінеді. Сондықтан да жаңа маусым басталар алдындындағы оқу-жаттығу жиынына Владимир Мұқанов бірінші болып тап осы жігітті шақыртпақшы екен. Енді Евтстегнеев Мұқановққа жақсы қырынан көрініп жатса, Виталий «Ордабасы» жейдесін «Ақтөбеге» алмастырады. Қостанайлық «Тобылдың» сапында тәп-тәуіп доп тепкен, Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Дания Мұқанов Премьер-лигаға жаңадан қосылып жатқан «Сұңқар» командасымен бірге, жаңа маусымға дайындалып жатыр. Егер Қаскелеңдік команданың қаржылары жеткілікті болса, онда Данияр жаңа маусымды Алмас Құлшынбаевтың командасында бастайды. «Астана» командасының қорғаушысы және Қазақстан құрамасының капитаны Қайрат Нұрдаулетов алдағы жылы талдықорғандық «Жетісудің» намысын қорғауы мүмкін. Бұғын себеп, Даниярды ескі танысы Асқар Қожабергенов бірігіп жұмыс жасауға шақыруда.   Білікті бапкер, жарқын жеңістің кепілі «Ақтөбе» футбол клубы бапкерімен қазірше ауызша келісімге келген сықылды. «Бұрнағы күні батыс өңірінің ұжымы демалыста. Желтоқсанның 17 күні Ақтөбеде жиналады. Сол күннен бастап команда  жаңа маусымға дайындығын бастамақ.  Владимир Муханов болса, келер маусымда «Ақтөбені» жаңа жорықтарға басайды»-дейді команда жетекшілері. Тағы да бір батыс өңірінің «Атырау» командасын жаттықтыратын Зоран филипович өз орнында алдағы жылы да қалмақ. Айта кетейік, бұл маман «Атырауға» шілде айында келген тұғын. Филиповичтің бастамасымен команда жоғарғы дивизионда ойнау атағын сақтап қалған. Сонымен қатар Зоран аз уақыттың ішінде Қазақстанда үлкен даудың  да қатысушысы болып үлгерді. Талдықорғадықтарды алаң мәселесі алаңдатуда Талдықорғандық «Жетісу» футбол командасының алаңы, келер жылы Еуропа Лигасының топтық кезеңін қабылдай алмайды. «Бұрнағы күні Талдықорған стадионында УЕФА-ның ережесі  бойынша, тек іріктеу сындарын ғана қабылдай алады. Ал егерде, жетісулықтар топтық кезеңге шығып жатса, оларға басқа алаң іздеуге тура келеді. Ондай алаңдар бізде жоқ емес. Мәселен, Қожабергенов шәкірттері топтық кезеңде қарсыластарын Алматы, Ақтөбе, Астана қалаларының стадионында қабылдай алады»,- дейді Қазақстан Футбол Федерациясының баспасөз қызметкері. Уалихан ҚОСАНБАЙ  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×