
"Манчестер Юнайтед" Лионды аласапыран түнде тізе бүктірді.
“Манчестер Юнайтедтің” жанкүйерлері кеше түнде "Олд Траффордда" нағыз кино көргендей күй кешті. Қайта тірілген ескі дастан, 1999 жылғы Чемпиондар лигасындағы ерлік осы жолы Еуропа лигасында қайталанды – “Қызыл жейделілер” "Лионды" керемет камбэкпен қапыда қалдырды.
“Манчестер Юнайтед” бапкері Рубен Аморим матчтан кейін TNT Sports-қа сұхбат беріп, "Манчестер Юнайтедтің" 1999 жылғы ерлігі жайлы деректі фильмді көріп, шабыт алғанын айтты.
Ол тіпті стадиондағы дыбысты “әлемдегі ең керемет дауыс” деп те атап өтті.
“Кетіп қалғандар өкініп қалды…”
Аморим:
“4:2 болғанда кетіп қалған жанкүйерлер – өкініште. Олар нағыз тарихи сәтті жіберіп алды.”
“Маусымды ерекше етуге уақыт бар”
Рубен Аморим командасының маусым бойы тұрақсыз ойнағанын мойындап, сынға да лайық екендерін мойындады:
“Иә, біз нашар ойнадық, бірақ бізде бұл маусымды ерекше етуге әлі уақыт бар.” деп сөзін түйіндеді ол.
Айболат Өнер
Біздің серіктес: FONBET