Анарбеков пен Кенжебек? Тіпті Дастан Сәтпаевтың жұлдызын жаққан Станислав Черчесов екен...

17.10.2025, 11:52

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов бұрынғы жұмысы жайлы айтып, өз кезінде дебют жасаған футболшылар туралы тілге тиек етті.

Анарбеков пен Кенжебек? Тіпті Дастан Сәтпаевтың жұлдызын жаққан Станислав Черчесов екен...
Станислав Черчесов

«Кенжебек пен Жұмаханов менің командамда Аустрияға қарсы ойында дебют жасаған. Екіншісі тіпті Марочкин 20-минутта алаңнан қуылған кезде шықты – 20 жастағы орталық қорғаушы. Біз жас футолшыларды жайдан-жай шығарған жоқпыз, оларды ойын жүйесіне бейімдеп, болашаққа дайындадық. Ал қақпашы Анарбеков ше – «Қайрат» жалға бергенде оны бірінші құрамаға тарттық. Енді қақпашы клубына қайтып оралып, командасына Чемпиондар Лигасына шығуға үлкен үлес қосты. Дастан да біздің тізімде болған. Ол туралы маған құрама менеджері Ғани Қайназаров айтқан. Өз адамдарымнан әрдайым: «Назар аударуға болатын біреу бар ма?», деп сұрап жүремін. Ғани Қайназаров: «Бір бала бар, көріңізші» - деді. Көрдім де бірден түсіндім. Бірақ менің кезімде ол дебют жасап үлгермеді, қалай дегенде де Сәтпаев әлі де болсын «Қайраттың» екінші командасында болатын. Ол кезде енді-енді Бірінші лигада ойнай бастаған еді», - деді ресейлік маман «СЭ» порталына.  

Станислав Черчесовтің жаттықтыруымен Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасының В лигасынан С-ға төмендеді. Ресейлік маманның командасы Аустрия, Словения және Норвегия құрамаларымен бір топта соңғы орын алып, бір ұпай ғана ешілеген еді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 3
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×