Анарбеков “Реалға” қарсы ойында өнер көрсете ме? Тарихи матчта “Қайрат” қақпасын кім қорғайтыны белгілі болды

26.09.2025, 19:00

Рафаэль Уразбахтин қақпашы Темірлан Анарбековтың “Реалға” қарсы матчқа қатысу мүмкіндігі туралы айтты.

Анарбеков “Реалға” қарсы ойында өнер көрсете ме? Тарихи матчта “Қайрат” қақпасын кім қорғайтыны белгілі болды

Анарбеков “Ақтөбеге” қарсы матчта жақ сүйегін сындырып алған еді. Сол уақыттан бері оның орнын Шерхен Қалмұрза басты.

Қазіргі уақытта Темірлан ауруханадан шыққан және клуб базасына барып қайтқан. Дәрігерлердің айтуынша, оның жақ сүйегіне бекіту қойылғандықтан, ауызын толық аша алмайды. Бекітуді алып тастағаннан кейін ғана жаттығуларға қайта кірісе алады. Қалпына келтіру жұмыстары жоспарға сай жүріп жатыр.

Уразбахтиннің сөзінше, жақын арада барлық қақпашыларды есепке ала отырып, команда соңғы шешімді шығаратын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×