Анчелотти “Барселонаны” чемпион атануымен құттықтады

17.05.2025, 18:30

"Реал Мадрид" бас бапкері Карло Анчелотти соңғы 3 маусымда 2-рет Ла лига чемпионы атанған "Барселонаны" құттықтады.

Анчелотти “Барселонаны” чемпион атануымен құттықтады

“Барселона” керемет өнер көрсетті және оларды құттықтауға лайық. Олар лигадағы ең тұрақты команда болды әрі өте әдемі ойын көрсетті. Иә, олар бұл титулды толықтай лайықты түрде жеңіп алды. Бірақ, келесі маусымда басқаша тарих болады.” – деді Карло Анчелотти баспасөз мәслихатында.

Анчелоттидің бұл мәлімдемесі “Барселонаның” Ла Лигада чемпион атанғанынан кейін жасалды. Итальяндық маман “Каталондық" клубтың маусым бойғы тұрақты ойынын жоғары бағалап, спорттық бәсекелестік аясында қарсыласын құрметтейтінін көрсетті.

Сондай-ақ, ол келесі маусымда бәрі басқаша болатынын айтып, өз командасының болашағына сенім білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×