«Андерлехт» «Қайратты» жеңгеннен кейін Франция чемпионатының үздік сұрмергенін сатып алды

23.08.2026, 07:59

Бельгиялық «Андерлехт» клубы Марокконың «Юнион Турага» командасының шабуылшысы Тавфик Бентайебті өз қатарына қосты, деп хабарлайды Aladop.kz.

«Андерлехт» «Қайратты» жеңгеннен кейін Франция чемпионатының үздік сұрмергенін сатып алды

24 жастағы форвардтың трансфері үшін Бельгиялықтар 4 миллион еуро төледі. Айта кетерлігі, Transfermarkt порталы ойыншының нақты құнын 8 миллион еуроға бағалаған болатын.

Өткен маусымда Бентайеб Француздық «Труа» клубында жалда ойнап, 18 голмен Лига 2-нің үздік сұрмергені атанған еді.

Бұл трансфер «Андерлехт» клубының Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі табысты ойынынан кейін жүзеге асып отыр. Алматыда өткен алғашқы матчта Бельгиялық ұжым «Қайратты» 3:0 есебімен ойсырата жеңген болатын.

Екі команда арасындағы қарымта кездесу 27 тамызда Брюссельде өтеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×