Александр Андроникашвили мансабын Өзбекстанда жалғайтын болды.
26 жастағы қорғанысқа жақын жартылай қорғаушы биылғы маусымда “Диламен” Грузия біріншілігінде күміс жүлдегер атанған.
Александр - әмбебап ойыншы. Ол орталық қорғаушы мен жартылай қорғаныста емін-еркін ойнай береді. 42 матчта ол 12 гол мен 4 голдық пас беріп үлгерген. Қорғанысқа жақын жартылай қорғаушы үшін бұл тамаша статистика. Одан тағысы, бойы 1,88 см құрайтын Андроникашвили әуедегі допқа таласта үздік екенін талай рет дәлелдеген.
Өз мансабында бірінші рет отанынан тыс аймақтың чемпионатында бақ сынағалы отырған Алеконы Трансфермаркет порталы 400 мың еуроға бағалайды.