«Ювентустың» бұрынғы бас бапкері Андреа Пирло түркиялық «Фатих Карагюмрюкпен» келісім-шартқа отырды, деп хабарлады италиялық журналист Николо Скира.
Дереккөздің айтуынша, келісім-шарт мерзімі 2024 жылға дейін есептелген.
Еске салайық, Андреа Пирло 2020/2021 жылғы маусымда «Ювентусты» баптаған болатын. Оның жетекшілігімен туриндік клуб Италия кубогі мен суперкубогін жеңіп алды, сонымен қатар А сериясында төртінші орынға ие болды. Ал Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «қарт синьора» «Портудан» жеңіліп қалды.
Өткен маусымда «Фатих Карагюмрюк» 57 ұпаймен Түркия чемпионатын сегізінші орында аяқтады.
Біздің серіктес: FONBET