Андрей Аршавин Алматыға келіп “Қайраттың” Чемпиондар лигасындағы ойынын тамашалайды

29.08.2025, 16:00

Андрей Аршавин “Қайратты” Чемпиондар лигасына шыққанымен құттықтап, Алматыға матчтарға келгісі келетінін айтты. Ресей футболының жұлдызы Андрей Аршавин 2016–2018 жылдары Алматылық клубтың сапында өнер көрсеткен болатын.

Андрей Аршавин Алматыға келіп “Қайраттың” Чемпиондар лигасындағы ойынын тамашалайды

Ресей құрамасының және “Сары-Қаралардың” бұрынғы шабуылшысы Андрей Аршавин бұл тарихи сәтке бейжай қалмай, өзінің құттықтауын жолдады:

“Сәлем, Қазақстан! Әрине, “Қайраттың” Чемпиондар лигасына шыққаны керемет оқиға. Үзінділерді көрдім. Пенальтиден кейінгі эмоциялар ғажап! Барлықтарыңызды құттықтаймын. Президент Қайрат Боранбаев, бапкерлік штабты, ойыншыларды, жалпы команданың айналасындағы адамдарды. Алматыға барып, Чемпиондар лигасының матчтарын көремін деп үміттенемін. Алға, “Қайрат!” – деді Аршавин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×