Андрей Демченко Әзiрбайжан чемпионатында бақ сынайды

24.12.2025, 14:50

"Жеңіс" футбол клубының бұрынғы бапкері Андрей Демченко мансабын Әзірбайжан біріншілігінде жалғастырады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Андрей Демченко Әзiрбайжан чемпионатында бақ сынайды

49 жастағы Украиналық маман "Араз-Нахчыван" ұжымының тізгінін ұстайтын болды.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, тәжірибелі бапкер жаңа ұжымына қаңтар айының алғашқы күндері қосылады. Екі жақ арасындағы келісімшарт 2026/27 жылғы маусымның соңына дейін жасалған. 

Демченконың соңғы жұмыс орны елордалық "Жеңіс" клубы болғаны белгілі. Ол Қазақстан чемпионатында айтарлықтай жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×