50 жастағы қазақстандық маман Андрей Ферапонтов енді "Қайсар" клубының бас бапкері қызметін атқарады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Ферапонтов соңғы уақытта Қазақстанның U-21 құрамасының бас бапкер қызметін атқарып, қараша айында Словакия U-21 (1:2) және Молдова U-21 (1:1) құрамаларына қарсы матчтарды өткізді.
KazFootball.kz мәліметінше клубтың жаңа жеке иесі Исламғали Қозбақов Ферапонтовты бас бапкер ретінде шақырып, команданы елеулі түрде күшейтуді көздеп отыр.
Ферапонтов бұған дейін "Оқжетпес", "Мақтаарал", "Ордабасы", “Ақтөбе” және Беларусьтың "Рух” клубында сондай-ақ Қазақстанның жастар құрамасында қызмет атқарған.