Андрей Ферапонтов клубтық футболға оралуы мүмкін

30.10.2025, 07:00

Жастар құрамасының жаңа бас бапкері Андрей Ферапонтов жақында ғана өз қызметіне кіріскеніне қарамастан, қазірдің өзінде клубтық деңгейде де қызығушылық тудырып отыр. деп хабарлайды Aladop.kz

Андрей Ферапонтов клубтық футболға оралуы мүмкін

Белгілі болғандай, маман қазіргі таңда бірден екі команда – Қызылордалық "Қайсар” және Көкшетаулық "Оқжетпес" клубтарымен келіссөз жүргізіп жатыр.

Ферапонтов жуырда Қазақстанның жастар құрамасының тізгінін ұстаған болатын және кеше ғана өзінің алғашқы ойыншылар тізімін жариялады. Соған қарамастан, бапкер клубтық футболға қайта оралу мүмкіндігін де қарастырып отыр.

Маманның тәжірибесі мен жұмыс тәсілі соңғы жылдары Қазақстан Премьер лигасында жоғары бағаланған десек болады, сондықтан оның есімі бір емес, бірнеше клубтың тізімінде аталып жүргені таңғаларлық емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×