Андрей Ферапонтов: ҚПЛ-дің дебютантымыз, осы жерге табан тіреп қалуымыз маңызды

30.03.2025, 17:30

«Оқжетпестің» бас бапкері Андрей Ферапонтов ҚПЛ-дің үшінші турының аясында «Қайсарға» қарсы ойынды қортындылап, командасының мақсатымен таныстырды.

Андрей Ферапонтов: ҚПЛ-дің дебютантымыз, осы жерге табан тіреп қалуымыз маңызды
«Қайсар» - «Оқжетпес» кездесуі

Қызылордада өткен матчта командалар тең түсіп, ұпай бөліскен болатын 2:2.

«Кейбір футболшыларға өз күшіне сенімділік жетіспейді. Алаңда ашылып, пастың ұшатын бағытында өздерін ұсынуда белсенді болса деймін. Өздері ашылып, сол пасты іздеуі керек. Кей ойыншылар осындай жауапкершіліктен қашып, тәжірибелі командаластарына ысырып қояды. Бірақ болашақта барлық футболшы ойынның осы компонентінен бірдей белсенді болса, бұл әсіресе шабуыл шебіндегілерге қатысты. 

Әзірше басты мақсатымыз жанкүйерлерді жерге қаратпайтын, сапалы ойын өрнегін паш ету. Чемпионаттың үш турынан кейін қандай да бір қортынды жасау ерте. Алдымен футболшыларымыздың әуселесін байқап, шамамызды бағамдап алған жөн. Уақыты келгенде басшылық та өз тапсырмасын қоя жатар. Ал қазіргі уақытша міндетіміз барынша жеңіске жетіп, ұпай жинау. Біз ҚПЛ-дің дебютантымыз, осы жерге табан тіреп қалуымыз маңызды. Өз ойын стилімізді қалыптап, соны көрсетуіміз керек. Ары қарай көре жатамыз тағы», - деді А. Ферапонтов. 

Айта кетсек, ҚПЛ-дің үш турынан кейін «Қайсар» екі ұпаймен 11-орынға жайғасса, көкшетаулық команда 4 ұпаймен бесінші келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×