Андрей Феропонтов: «Жеңіліске лайықты ойын болмады»

13.03.2022, 00:56
Матчтағы жалғыз гол пенальтиден соғылған болатын.
Андрей Феропонтов: «Жеңіліске лайықты ойын болмады»

«Мақтааралдың» бас бапкері Андрей Ферапонтов «Қайратпен» болған матч (0:1) жайлы өз пікірін білдірді:

Бірінші кезекте ойынға қойылған талаптарды толығымен орындаған футболшыларға алғыс айтамын. Алаңда 10 ойыншымен қалсақ та, барлық күш-жігерін жұмсады. Ұпай алуға тырысып, соңына дейін ойнады. Қорғаныста емес, шабуылда өнер көрсетіп бірінші нөмірмен ойнадық. Өзіміз жоспарлағандай, көптеген мүмкіндіктер жасадық. Бірақ жеңіліске лайықты ойын болмады.

Ұпай алатындай мүмкіндіктеріміз жеткілікті болды. Тек оларды голға айналдыра алмадық. Әрине, қызыл қағаз біздің ойынға кері әсерін тигізді, бірақ мен алаңнан қуылған сәтті көре алмадым. Менің ойымша, Себаихиге екінші рет сары қағаз көрсетілгені дұрыс болмады. 10 ойыншымен қалған соң, әрине, ойын нәтижесіне өз әсерін тигізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×