Андрей Финонченко: Әр матч сайын жақсы ойнап, ұпай аламыз

16.04.2024, 10:22

Қарағандының "Шахтері" Қазақстан Кубогінің ширек финалына шыға алған жоқ. Осы демалыста "кеншілер" 1/8 финалдық кезеңде Семейдің "Елімайынан" ұтылды.(2:1). Матч соңынан "Шахтер" клубының бас бапкері міндетін атқарып жүрген Андрей Финонченко ойын жайлы, жалпы Қарағандылық клубтың жағдайы жайлы айтты.

Андрей Финонченко: Әр матч сайын жақсы ойнап, ұпай аламыз

"Енді бар күшімізді чемпионатқа жұмсаймыз. Кубокте жарыс жолынан шығып қалдық, сондықтан келесі ойынға дайындыққа бір апта уақытымыз бар. Енді әр кездесуде чемпионаттағы жағдайды түзеуге тырысу керек. Мен де, Қарағанды қаласы да, "Шахтердің" қазіргідей жағдайға душар болуына лайық емес. Әрбір матч са жақсы ойнап, ұпай аламыз", - деген А. Финонченко. Айта кетейік, "Шахтер" ҚПЛ-дің 4 турынан кейін үш ұпай еншіледі. Қарағандының клубы турнирлік кестеде қазір 11-сатыда келеді. Келесі 5-турда команда Талдықорғанның «Жетісуымен» жолығады. Қос клуб ҚПЛ-дің турнирлік кестесінде қатар орналасқан. Жетісу облысының командасы 4 ұпаймен 9-шы орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×