«Динамо» Киев және Украина құрамасының жартылай қорғаушысы Андрей Ярмоленко Қазақстанға келіп өнер көрсетпейтін болды.
36 жастағы футболшы осы маусымнан кейін мансабын аяқтауды жоспарлауда. Шамасы, сол өзінің туған командасында функционерлік жұмыс істейтін ұқсайды. Бұл туралы футолшының өзі осыған дейін бірнеше рет мәлімдеген болатын. Айта кетейік, біраз БАҚ-та Андрей Ярмоленко ҚПЛ-ге, дәлірек айтсақ «Ақтөбе» сапына ауысуы ықтимал дейтін ақпараттар тараған. Бірақ, соңғы жағдайлар бұл трансферді жоққа шығарып отыр.
Андрей Ярмоленко биылғы маусымда киевтік клуб сапында барлық турнирлерде 20 ойынға қатысып, 4 голдың авторы атанды. Украинадан бөлек, АПЛ-де «Вестхэм», “Аль-Айн” намысын қорғады. Украина жейдесінде 125 кездесуде өнер көрсетіп, 46 рет мергендік танытқан. Футболшының нарықтық бағасы 1.20 млн еуро.