"Елімайдың" бапкері Андрей Карпович Instagram парақшасында өткен жылға есеп беріп, командамен қоштасудың оңай емес екенін жеткізді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бапкердің айтуынша, 2025 жыл клуб тарихында ерекше із қалдырған, сынағы мен жеңісі қатар жүрген кезең болды.
"Биылғы жылдың қорытындысын шығарып, өткенге салқынқандылықпен сараптама жасадық. Маусым оқиғаларға толы болды: ұмытылмас сәттер де, ауыр кезеңдер де аз емес. Жеңілістің ащы дәмін де таттық, жеңіске бірге қуандық. Дегенмен, маусым соңында көкірегімізде мақтаныш пен ризашылық сезімі басым.” – дейді бапкер.
Карпович клубтың жетістігіне үлес қосқан әрбір жанға ризашылығын білдірді:
"Маған қолдау көрсеткен, бірге жұмыс істеген, тіпті сын айтып, алға жетелеген жандардың бәріне рақмет. Әрқайсыңызды жеке атап өту мүмкін емес, бірақ еңбектеріңізді жоғары бағалаймын."
Бапкер футболдағы ең ауыр сәт – бір арнаға тоғысқан ұжыммен қоштасу екенін жасырмады.
"Өмір болған соң, кездесу мен қоштасу қатар жүреді. Бірге жұмыс істеп, ортақ нәтижеге қол жеткізген ұжымнан айырылу өте ауыр. Бұл сезімге үйрену мүмкін емес, бірақ өмір шындығын қабылдау керек.” – деп түйіндеді ол.
Карпович сөзінің соңында ойыншыларына ерекше тоқталып, олардың еңбегі кез келген марапаттан жоғары екенін айтты:
"Жігіттер, биылғы бірге өткізген уақытымыз үшін бәріңе рақмет! Сендер нағыз мықтысыңдар. Клуб тарихында есімдеріңіз мәңгі сақталады. Бұл мен үшін кез келген ақшадан, сыйлықтан немесе атақтан әлдеқайда қымбат."