Андрей Карпович: «Бізге ештеңе оңайлықпен келмейді»

03.07.2022, 16:12
«Ақтөбе» қатарынан төрт матчта жеңіске жетті.
Андрей Карпович: «Бізге ештеңе оңайлықпен келмейді»

«Ақтөбе» командасының бас бапкері Андрей Карпович Премьер-лиганың 16-турында «Шахтермен» болған ойынға (3:2) қатысты пікір білдірді:

- Ең алдымен команда мен жанкүйерлерді осынау қиын жеңісімен құттықтағым келеді. Бізге ештеңе оңайлықпен келмейді. Ұпайдарды үлкен қиындықпен жинап жүрміз. Әрине, бірінші таймдағы жеңілістен кейін (0:2) екінші таймға шығу өте қиын болды. Бірақ жігіттер біздің айтқанымызды тыңдады, үзіліс кезінде матчтың бірінші таймында жіберілген қателіктер талдадық. Тағы да жасаған ауысымдардың арқасында ойынды жақсартып, осындай қиын кездесуде жеңіске жеттік. Жаттықтырушылар құрамының идеяларын жүзеге асырған жігіттерге рахмет! Негізі, бірінші таймда екі гол жіберіп алғанымызға қарамастан, бүгін көп нәрсеге қол жеткіздік. Менің ойымша, бұл жақсы жұмыс және маңызды үш ұпай болды.

- Ерлановқа не болды?

- Нақты айта алмаймын. Бірақ ол жарақат алды. Алайда қандай жарақат екені туралы әзірге ақпарат жоқ. Тексеріс болады. Сонда оның қаншалықты ауыр немесе жеңіл екенін түсінеміз. Біз қатты уайымдап отырмыз. Бірақ ауыр жарақат емес деп үміттенемін.

- Үзіліс кезінде футболшыларға үш гол соғатындай не айттыңыз?

- Негізі бұл жерде ешқандай суперсөздің қажеті жоқ. Бұл жерде өзіміздің не қалайтынымызды түсіну өте маңызды. Ал біз әр кездесуде жеңіске жетуді көздейміз. Біз турнирлік кестеге емес, нақты матчқа қараймыз. Жігіттерге сөзімді соңына дейін сенетіндей етіп жеткізу маңызды болды. Сондықтан олар өздеріне сенді және осындай қиын матчты жеңіспен аяқтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×