Андрей Карпович: «Карпин «Шахтердің» бапкері болады дегенге сенбеймін»

02.05.2015, 03:50
Андрей Карпович: «Карпин «Шахтердің» бапкері болады дегенге сенбеймін»
«Шахтер» футбол клубында доп теуіп жүрген ардагер ойыншы Андрей Карпович «PROСПОРТ» тілшісіне команададағы жағдайды түсіндіріп берді. - Ұжымның жай-күйі қалай? - Нәтиже көрсете алмай келе жатырмыз. Сол себепті, психологиялық тұрғыда қиындау бізге. «Атыраумен» өтетін алдағы матчқа дайындалып жатырмыз қол қусырмай. Жеңіске жетсек кішкене көңіл көтеріледі. - Көптеген ойыншыларыңыз жарақаттанып алаңға шыға алмай жүр. Бұған не себеп? Медециналық қызмет нашар ма командада? - Әр қилы жағдай. Біреу ескі жарақатын емдеп жүр, әлдебіреуі жақында ғана аяғын ауыртып сауығуда. Медициналық қызметкерлердің еш кінәсі жоқ. Себебі олар алаңда ойнап жүрген футболшыға жауап бере алмайды ғой. Ойын кезінде допқа тартыс, күрес болады.  Айта кетер жайт,  Қазақстандағы алаңдардың сапасы да өте нашар. Бұл да кері әсерін тигізуде спортшылар үшін. - Ресейлік атақты бапкер Валерий Карпин «Шахтер» клубын жаттықтыруы мүмкін деген әңгімені естідіңіз бе? - Иә, есіттім. Бұқаралық ақпарат құралдарына айтылып та жазылып жатыр. Бірақ өз басым сенбеймін бұған. - Клубта өзгеріс қажет пе, қалай ойлайысыз? - Ұжымның ісі алға баспай жатса, әрине өзгеріс қажет. Қазіргі жағдай ешкімнің көңілінен шықпайды, мұны жақсы түсінеміз. Бірақ алдағы уақытта жағдай жөнделетін шығар деп ойлаймын.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×