«Қызыл-Жардың» бас бапкері Андрей Карпович Ордабасымен болған ойынды (3:1) қорытындылады:
- Барлық жағынан алғанда ойын қиын өтті. Соңғы минуттарда ұтылғанымыз өкінішті-ақ. Әрине, нәтижеге көңіліміз толмайды. Жанкүйерлер алдында кешірім сұраймын. Бас бапкер ретінде барлық жауапкершілікті өз мойныма аламын. Көптеген ойыншыларға бүгінгі кездесу бойынша айтарым бар. Кейбір ойыншылар командада не істеп жүргенін білмейтін сияқты. Көздеген мақсаттарға жету үшін не істеу керек екені де айтылды. Барлық футболшыларды алдымызда тұрған міндеттер жайлы құлағдар еттік. Алайда, маусымды сәтсіз бастадық. Бүгінгі ойын негативті тағы да арттырады.
Үш күннен кейін бізде келесі ойын. Сол себепті салымызды суға жібермей, кінәлілерді іздемейік. Жұмысымызды жалғастырып, келесі матчтарда жеңу үшін барымызды салу қажет.
Біздің серіктес: FONBET