«Елімайдың» бас бапкері Андрей Карпович Лига кубогінің жартылай финалындағы «Астанамен» болатын қарымта ойынға дайындық туралы айтты.
Еске салайық, бүгін семейлік футболшылар сырт алаңда «Астанамен» ойнап, финалға шығуға тырысып көреді.
«Біз Лига кубогінің жартылай финалына қатысатынымызға қуаныштымыз. Бұл біз үшін тәжірибе, белгілі бір деңгейдегі мотивация деуге де болады. Кез-келген кубок, трофейдің маңызы жоғары. Сондықтан, бұл жерде ешқандай алалау жоқ. Осы себепті де әрине жеңіске жету үшін барымызды саламыз. Алдағы мақсат-міндеттерге келетін болсақ, «Астанамен» болатын бәсекенің ең маңызды екенін бірнеше рет тілге тиек еттім. Ал одан ары қарай әзірше ештеңені ойға алмадық. Ойыннан ойынға қарай бағдарымызды құрып келеміз», - деді Андрей Карпович.
Айта кетейік, Лига кубогінің жартылай финалында бүгін «Елімай» сырт алаңда «Астанамен» жолықса, «Қайрат» өз алаңында «Жеңісті» қабылдайды. Алғашқы ойында семейлік ұжым мен елордалықтар тең тарқасқан болатын (0:0). Ал Акис Вавалис командасы «Қайратты» 2:0 ұтып кеткен.
Біздің серіктес: FONBET