Андрей Карпович маусым соңында неміс маманының қол астында тәжірибе жинамақ

25.09.2021, 00:16
Карапович бұрын осы бапкердің клубында ойнаған.
Андрей Карпович маусым соңында неміс маманының қол астында тәжірибе жинамақ

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Қызыл-Жардың» бас бапкері Андрей Карпович маусымның соңында мәскеулік «Динамоның» бас жаттықтырушысы Сандро Шварцтың қол астында тәжірибе жинақтамақ.

Петропавлдық команда Карповичтің жетекшілігімен өте сәтті маусым өткізуде, команда турнир кестесінің төртінші сатысына жайғасты, тіпті Конференция лигасының жолдамасына ие болуы мүмкін Маманның өзі - маусымның үздік жаттықтырушысы атағына үміткерлердің бірі болып саналады.

Карпович «Динамо» үшін бөтен адам емес, 2007 жылдан 2009 жылдың ортасына дейін ол осы клубта футболшы ретінде ойнады. Шварцтың жаттықтырушылар штабында «Ливерпуль» мен Украина құрамасының бұрынғы шабуылшысы Андрей Воронин жұмыс істейді, ол Карповичпен жақсы қарым-қатынаста.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×