Петропавлдық «Қызыл-Жардың» бас бапкері Андрей Карпович қызметінен кетті.
«Достар, мен өзім үшін осындай шешім қабылдадым – «Қызыл-Жар» командасының бас бапкері қызметінен өз еркіммен кетемін. Менің жүрегім қиналғанымен, мұны дұрыс шешім деп ойлаймын.
Өткен маусым біз үшін тамаша және қызықты болды. Конференция лигасында Қазақстан атынан шығу құқығын жеңіп алдық. Жігіттер бұл тапсырманы да абыроймен орындайды деп үміттенемін және сенемін. Бұл өте жақсы және күшті команда, көп нәрсеге қабілетті, оған тек сәттілік керек. Менің кетуім «Қызыл-Жарға» сәттілік әкелетін шығар.
Бұл тек менің шешімім екенін тағы да атап өткім келеді. Осы керемет уақыт үшін барлығына – басшылыққа, әкімдікке, ойыншыларға, қызметкерлерге, жаттықтырушылар штабына және жанкүйерлерге алғыс айтамын! «Қызыл-Жарды» әрқашан қолдайтын боламын. Барлығына үлкен рахмет!», - деп жазды 41 жастағы маман өзінің Instagram парақшасында.
Карпович петропавлдық клубты 2021 жылдың қаңтарынан бері жаттықтырды. Оның жетекшілігімен «Қызыл-Жар» 26 кездесуде 39 ұпай жинап, 4-орынға ие болды және Конференция лигасына жолдама алды.
Айта кетейік, биылғы маусымда петропавлдықтар 8 ойында 6 ұпай жинап, турнирлік кестенің соңғы сатысында тұр.
Біздің серіктес: FONBET