Андрей Карпович: «Төрешілер сапасыз жұмыс істеді»

09.05.2022, 16:53
«Ақтөбе» келесі ойынын ел чемпиондарына қарсы өткізеді.
Андрей Карпович: «Төрешілер сапасыз жұмыс істеді»

«Ақтөбенің» бас бапкері Андрей Карпович Премьер-лиганың оныншы турында «Каспиймен» (0:2) болған ойынға қатысты пікір білдірді:

- Біріншіден, «Каспийді» жеңісімен құттықтаймын. Қателіктеріміздің кесірінен жеңіліп қалдық. Төрешінің шешімі де маңызды рөл атқарды. Менің ойымша, біз таза гол соқтық. Мен көрген қайталауда біздің ойыншы допқа ойнаған. Бірақ VAR-дың өз түсіндірмесі бар, ал төрешілер тәртіп бұзылды деген шешім шығарды... Менің ойымша, төрешілердің жұмысы сапасыз болды, бұл матч барысына әсер етті. Бірінші таймда біз жеткілікті мүмкіндіктер мен қауіпті шабуылдар жасадық, бірақ жүзеге асыра алмадық. Бұл жұмысты қажет етеді, ол үшін уақыт керек. Біз адам сияқты жеңілгенімізді мойындап, алға жылжуымыз керек.

14 мамырда бізді қазіргі чемпиондарға қарсы өте маңызды матч күтіп тұр. Өз алаңымызда оң нәтижеге жету үшін дайындалу керек.

- Кейбір ойыншылар бүгінгі матчқа қатыспады. Олар келесі ойынға дайын бола ма?

- Иә, бұл үлкен мәселе. Көптеген ойыншылар жарақат алды. Өтінімге енген бірқатар ойыншылар тіпті жаттыққан жоқ. Олар командаға көмектесуге дайын емес. Жігіттерді қалыпқа келтіріп, келесі матчқа дайындаймыз. Қызыл қағазға байланысты тағы бір мәселе қосылды. Алдына үлкен мақсат қойған ұжым мұндай қиындықтарды жеңуі керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×